2013 жылғы 17 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ мен Сорбонна университеті арасында Сорбонна-Қазақстан Француз институтын құру туралы Меморандумға қол қойылды.
Енді Қазақстан азаматтары елден шықпай-ақ беделді еуропалық білім ала алады.
Сорбонна-Казахстан институты келесі білім беру бағдарламалары бойынша француз және қазақстандық дипломдар береді:
- «Жаһандану жағдайындағы халықаралық диалог» (6М020200 «Халықаралық қатынастар»)
- «Қазіргі әлемдегі өзгерістерді басқару» (6М050700 «Менеджмент»)

МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАБЫЛДАУ ПРОЦЕДУРАСЫ
ЕМТИХАНДАР
- Француз тілін анықтауға арналған тест
- Комиссиямен сұхбат (Франция және Қазақстан)
- Мамандығы бойынша емтихан (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР және МЕНЕДЖМЕНТ емтихандары бойынша тақырыптар)
ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
- ҚазҰПУ ректорының атына жазылған өтініш
- Мотивациялық хат (қазақ, француз, орыс немесе ағылшын тілдерінде)
- Жеке куәліктің 2 көшірмесі
- Толтырылған сауалнама (орнында толтырылады)
- Бакалавр дипломы, дипломның қосымшасымен бірге нотариалды куәландырылған көшірмесі
- Жарияланған мақалалар мен ғылыми еңбектер тізімі
- №086-у медициналық анықтама (қажет болған жағдайда Алматы қ. студенттік емханасында флюорографиядан өту керек)
- Жұмыс орнынан анықтама (бар болған жағдайда)
- Еңбек кітапшасының көшірмесі
- Француз тілін білу деңгейін растайтын сертификат: TFI – B1 деңгейі, DELF – B2 деңгейі, DALF – C1 деңгейі, TCF – кемінде 400 балл
- Француз тілінен емтихан үшін төлем түбіртегі (4200 тг) (банк реквизиттерін ИСК-дан нақтылау қажет)
- Оқу ақысы көрсетілген оқу шарты (ақылы бөлім студенттері үшін)
- Мекенжай анықтамасы
- 3x4 өлшеміндегі 6 фото
- Құжаттар тізімі (орнында толтырылады)
Талапкер күнтізбесі
Магистратураға құжаттарды қабылдау |
10 шілде - 30 шілде |
Магистратураға қабылдау емтихандары |
10 тамыз - 20 тамыз |
Шетел тілі бойынша қабылдау емтиханы |
10 тамыз - 15 тамыз |
Мамандығы бойынша қабылдау емтиханы |
16 тамыз - 20 тамыз |