Bolashaq стипендиялық бағдарламасы

Сіз «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы арқылы француз университеттеріне түсе аласыз.

Халықаралық «Болашақ» стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылды.

Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін мамандар мен кадрларды даярлау. Бағдарлама әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамалардан өтуді, сондай-ақ академиялық оқытуды (магистратура, докторантура) қамтиды.

Француз жоғары оқу орындарына "BOLASHAQ" стипендиялық бағдарламасы арқылы қалай түсуге болады? 

"BOLASHAQ" бағдарламасына енгізілген 5 француз жоғары оқу орны бар. Олар: Лионның Жоғары Нормаль Мектебі, Париж-Сакле Университеті, Париж Ғылым және Өнер Университеті (PSL), Сорбонна Университеті және Париж Университеті. Университеттердің толық тізімімен мына жерде таныса аласыз. 

ENS Lyon

Лионның Жоғары Нормаль Мектебі немесе ENS Lyon – Франциядағы мемлекеттік жоғары оқу орны. ENS Lyon тарихы 1880 жылдан бастау алады. Университеттік кампус қалалық типте және Лион қаласының аумағында орналасқан. ENS Lyon келесі бағыттар бойынша үздік жетістіктері үшін жоғары халықаралық беделге ие: «Жаратылыстану ғылымдары», «Математика».

Paris-Saclay

Париж-Сакле университеті – бұрын Сорбонна құрамына кірген Париж-Юг университетінің ізбасары. Қазіргі уақытта оның құрамына бірнеше Францияның Жоғары мектептері, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары бағытындағы ірі зерттеу орталықтары мен ғылыми институттар кіреді. Бұл университет математика саласы бойынша әлемде бірінші орынды иеленеді, физика бойынша ТОП-10 қатарына, ал медицина мен фармацевтика бойынша ТОП-20 қатарына кіреді. Сондықтан осы бағыттарға басымдық беру ұсынылады.

PSL

Париж ғылым және әдебиет университеті – француздық жоғары білім беру мекемесі, эксперименталды мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие. PSL он бір академиялық және ғылыми-зерттеу институттарының бірігуі нәтижесінде, үш ғылыми-зерттеу ұйымының қолдауымен құрылды.

Université de Sorbonne

Сорбонна университеті – бұл атау аясында сіз барлық мамандықтарды, ғылыми бағыттарды немесе салалық мамандандыруларды таба аласыз. Себебі бұл он екі жоғары оқу орнын (бұрын он үш) біріктіретін құрылым, әрқайсысы өзіне тән күшті жақтарымен және Сорбонна университетінің факультеттерге бөлінуінің ерекше қағидаларымен ерекшеленеді.

Université de Paris

Париж университеті – әлемдегі ең көне жоғары оқу орындарының бірі, ол XII ғасырдың басынан 1970 жылдың соңына дейін жұмыс істеген. XIII ғасырдан бастап Париж университеті алғашқы еуропалық колледждердің негізін қалаушылардың бірінің есімімен танымал болды және бүгінгі күнге дейін әлемге әйгілі.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты мына сайттан таба аласыз:
https://www.bolashak.gov.kz/ru/