Страсбург университетінің DFMS және DFMSA бағдарламалары резидент дәрігерлерге, білікті маман дәрігерлер мен фармацевттерге арналған. Бағдарлама Франция ауруханаларында маманданудан өтуді және теориялық білім алуды қарастырады. Тағылымдаманың ұзақтығы екіден алты семестрге дейін өзгереді.
DFMS-DFMSA бағдарламасы
DFMS-DFMSA бағдарламаларына қатысу шарттары:
- DFMS бағдарламасына қатысу үшін үміткер өтініш беру сәтінде медицина докторы дипломына ие болуы немесе оқуын аяқтауы қажет. Тек екі немесе одан да көп қалған семестрі бар (2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша) резиденттер ғана қатыса алады.
- DFMSA бағдарламасына қатысу үшін үміткер маман дәрігер немесе фармацевт дипломына ие болуы тиіс.
- Француз тілінде оқуды таңдаған үміткерлер үшін: француз тілінің B2 деңгейінен төмен емес екенін растайтын сертификат (DELF, DALF, TCF) талап етіледі.
Өтініш беру процесі
- DFMS және DFMSA бағдарламаларына өтініш беру досьесін осы жерден жүктеп алуға болады. Сондай-ақ, ол Страсбург университетінің сайтында қолжетімді.
- Қызығушылық танытқан үміткерлер «Fiche d’Identité» құжатының бірінші және екінші бетін 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін med-dossier1-2022-2023@unistra.fr мекенжайына жіберуі тиіс. Хаттың тақырыбында өз тегі, аты және бағдарлама атауы көрсетілуі қажет.
- Үміткерлер толық құжаттар пакетін DFMS/DFMSA белгісімен SCAC (Service de Coopération et d’Action Culturelle) бөлімінің атына, Францияның Қазақстандағы Елшілігіне жіберуі тиіс. Мекенжайы: Космонавтар көшесі, 62, 4-қабат, Астана, 010000.
- Үміткерлерге олардың құжаттарын қарастыру нәтижелері туралы Страсбург университеті жеке тәртіпте хабарлайды. Оң жауап алған үміткерлер құжаттар тапсырған әр университетке 2022 жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей «Досье 2» құжаттарын Страсбург университетіне жіберуі қажет. Страсбург университеті «Досье 2»-ні тиісті университеттерге жолдайды. Үміткерлер қабылдаушы университеттер белгілеген рейтинг негізінде және ұсынылатын орын санына сәйкес бөлінеді. Әр мамандық бойынша ұсынылатын орындар саны туралы бұйрық Ресми журналда жарияланады. Мамандықтар тізімі «Досье №1» құжатының 14-бетінде көрсетілген.
- 2022 жылдың 10 шілдесінен бастап Страсбург университеті үміткерлерге олардың құжаттарын қарастыру нәтижелері туралы хабарлайды, сондай-ақ бұл ақпаратты қабылдаушы университеттерге, Жоғары білім министрлігіне және дипломатиялық-консулдық мекемелерге ақпарат таратумен айналысатын департаментке жолдайды.
- 2022 жылдың 15 шілдесінен бастап қабылдаушы факультеттер үміткерлерге жеке келісім-шарттарды жіберуді бастайды. Бұл келісімдерді үміткер және оның жұмыс орны болып табылатын шетелдік мекеме қол қоюы қажет.
- Таңдалған студенттер 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап "Faisant Fonction d'Interne" (интерн қызметін атқарушы) ретінде жұмысқа кіріседі.
Қосымша сұрақтар бойынша Campus France бюросының үйлестірушілеріне немесе alexandra.thircuir-mens@diplomatie.gouv.fr мекенжайына жазыңыз.