Медициналық сақтандыру

Талапкерлер, Студенттер, Магистранттар, Докторанттар

Sécurité sociale (Әлеуметтік сақтандыру) университетке тіркелгеннен кейін бірден рәсімделеді, ол міндетті болып табылады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру

Францияның консулдық қызметтеріне Франциядағы оқу мерзімінің толық кезеңіне сақтандыру құжатын ұсыну ұзақ мерзімді студенттік виза алу үшін міндетті емес.

Әлеуметтік сақтандыруды сіз университетке тіркелгеннен кейін Францияда рәсімдеуіңіз қажет. Алайда, француз сақтандыруын бірінші күннен бастап жасату қиын болуы мүмкін, сондықтан Францияда алғашқы екі-үш аптаға қарапайым сақтандыруды кез келген сақтандыру компаниясынан рәсімдеу ұсынылады. Бұл сізге француз әлеуметтік сақтандыруын рәсімдегенге дейінгі кезеңде пайда болуы мүмкін қиындықтардан сақтануға көмектеседі.

Тіркеу онлайн жүргізіледі: www.etudiant-etranger.ameli.fr

Тіркелу үшін қажетті құжаттардың тізімі: 

  • Паспорт көшірмесі 
  • Виза немесе тұруға ықтиярхат көшірмесі
  • Университетке қабылданғаныңызды растайтын құжат
  • Банктік шот деректері (RIB) 
  • Апостиль қойылған туу туралы куәлік 

 

Тіркелгеннен кейін уақытша әлеуметтік сақтандыру нөмірі көрсетілген attestations des droits құжатын сақтап, басып шығарыңыз.

 

Осы нөмір арқылы сіз жеке кабинеттің қызметтеріне қол жеткізе аласыз: емдеуші дәрігеріңізді тіркеу, кеңесшіге сұрақтар қою, сақтандыру төлемдерін тексеру, сондай-ақ сақтандырылған тұлғаның арнайы электрондық картасы – Carte Vitale тапсырыс беру.

Әлеуметтік сақтандыру медициналық шығындардың шамамен 65-70%-ын қамтиды. Қалған шығындарды өтеу үшін қосымша сақтандыру рәсімдеуге болады

Mutuelle - қосымша медициналық сақтандыру

Студенттерге медициналық қызметтердің шамамен 70%-ын өтейтін міндетті сақтандырудан бөлек, қосымша сақтандырудың mutuelles étudiantes сияқты басқа түрі де бар. Бұл сақтандыру түрі жылына шамамен 110 еуро көлемінде төлем жасап, әртүрлі медициналық қызметтерді тегін пайдалануға мүмкіндік береді (яғни, емдеу мен дәрі-дәрмектердің 100% өтелуін қамтамасыз етеді).

Сіз 11 түрлі қосымша сақтандыру нұсқаларының бірін таңдай аласыз, оның 10-ы аймақтық деңгейде, ал 1-еуі ұлттық деңгейде ұсынылады. Мысалы,  LMDE www.lmde.fr, La SMEREP www.smerep.fr, Emevia www.emevia.fr сақтандыру компанияларын таңдай аласыз.