Франциядағы ұзақ мерзімді визаңызды OFII-де қалай тіркеуге болады?

valider son visa
valider son visa
Талапкерлер, Студенттер, Магистранттар, Докторанттар

Францияға 3 айдан астам уақытқа келген әрбір кәмелетке толған студент міндетті түрде OFII-де (Француз иммиграция және интеграция басқармасының аумақтық делегациясы) тіркелуі керек.

 

 

Тіркеу онлайн жүргізіледі

Францияға келгеннен кейін алғашқы үш ай ішінде тіркеуден өту қажет.

2019 жылдан бастап бұл рәсім онлайн түрде келесі сайтта жүргізіледі: https://administration-etrangers-en-france.interieur.gouv.fr

Қажетті құжаттар: 

 

  • Электрондық пошта 

  • Виза 

  • Францияға келу күні (паспорттағы мөр) 

  • Франциядағы нақты тұрғылықты мекенжай 

  • Салық төлемін төлеу үшін банк картасы (60 еуро) немесе алдын ала төленген марка

Тіркеу кезеңдері

  1. https://administration-etrangers-en-france.interieur.gouv.fr сайтында тіркеліңіз. 
  2. Je valide mon VLS-TS бөліміне кіріп, визаңыз туралы ақпаратты толтырыңыз: виза нөмірі, басталу және аяқталу мерзімі, беру күні, Францияға келу мақсаты (оқу). 
  3. Қосымша ақпарат енгізіңіз: отбасылық жағдайыңыз, телефон нөміріңіз, электрондық пошта мекенжайыңыз.
  4. Францияға келген күніңізді (әуежайда қойылған төлқұжаттағы мөр) және Франциядағы мекенжайыңызды енгізіңіз.
  5. 60 еуро салықты төлеу: 1-ші нұсқа: Фискалдық марканы онлайн сатып алу. Бұл J’achète un timbre fiscal électronique экранында қолжетімді. Төлем жасау үшін банк картасы қажет. 2-ші нұсқа: Бұрын префектурадан немесе қалаңыздағы bureau de tabac дүкенінен сатып алынған электрондық марка нөмірін енгізу.
  6. Визаңызды растау құжатын жүктеңіз. Сіз оны кейінірек жеке кабинетке кіріп немесе растайтын электрондық хатты жүктеу арқылы ала аласыз.

 

Сіздің электрондық поштаңызға екі түрлі хат келеді:

Бірінші хатта сіздің тіркеу деректеріңіз көрсетіледі. Бұл деректер сізге жеке кабинетіңізге кіруге мүмкіндік береді.

Екінші электрондық хат сіз онлайн енгізген ақпаратты растайды. Бұл сіздің визаңыздың электрондық растауы, оны жүктеп алып, басып шығаруға болады.

OFII тіркеуі сіздің визаңыздың мерзімімен бірдей уақытқа дейін жарамды.

Тіркеу не үшін қажет?

Бұл тіркеу міндетті болып табылады. Егер тіркеуден өтпесеңіз және Францияға келгеннен кейін 3 ай ішінде оны рәсімдемесеңіз, француз билігі сізді заңсыз тұрғын ретінде қарастырады. Болашақта француз визасын алудан бас тартылуы мүмкін.

 

Франциядан кетуге екі ай қалғанда, студент келесі жылға арналған ықтиярхат (titre de séjour) алу үшін қаланың префектурасына жүгінуі керек. Қызметкер сізге қажетті құжаттар тізімін береді және құжаттарды тапсыру күнін (rendez-vous) белгілейді.