Толық ақпаратты және әкімшілік тіркеу мерзімдерін өзіңіздің университетіңіздің сайтынан таба аласыз.
Әкімшілік тіркеу
Әкімшілік тіркеу «L'inscription administrative» – университетке тіркелу, тіркеу жарналарын немесе оқу ақысын төлеу және студенттік билет алу үдерісі. Бір оқу жылы үшін төлем мөлшері: бакалавриат – 170 еуро (кейбір университеттерде 2770 еуро), магистратура – 270 евро (3770 еуро), докторантура – 350-600 еуро.
Әкімшілік тіркеу кезінде университеттер келесі құжаттарды талап етуі мүмкін:
- CVEC төлемін растау;
- Аттестаттың түпнұсқасы және қосымшасы француз тіліне аударылған нұсқасы / соңғы алынған дипломның француз тіліне аударылған нұсқасы;
- Туу туралы куәліктің көшірмесі француз тіліне аударылған нұсқасы;
- 3,5 x 4,5 өлшеміндегі фотосуреттер;
- TCF / DELF сертификаты (тілдік курстарға тіркелген жағдайда бұл сертификат талап етілмейді);
- Вакцинация паспорты (кәмелетке толмағандар үшін);
- Университеттен оқуға шақыру.
Педагогикалық тіркеу
Педагогикалық тіркеу (L'inscription pédagogique) – оқу жоспары мен сабақ кестесін анықтау процесі. Бұл тіркеу тегін жүргізіледі және тікелей факультетте жүзеге асырылады.
Бұл рәсімдер екі-үш аптаға (кейде бір айға) созылады, сондықтан барлық егжей-тегжейлі ақпаратты қабылдаушы француз университетінің веб-сайтынан немесе Шетелдік студенттермен жұмыс бөлімімен нақтылау қажет.
Студенттік билет немесе карта (carte d’étudiant) сізге тіркеу кезінде немесе бір ай ішінде берілуі мүмкін.