Түлектер
Франция Елшілігі мен Француз Альянстары желісі FRANCE-QAZAQSTAN клубының ашылғанын қуана хабарлайды!
Le Club France-Qazaqstan барлық қазақстандықтарға ашық. Ол Францияда немесе шетелдегі француз білім беру мекемелерінде жоғары білім алған, тағылымдамадан өткен, біліктілігін арттырған немесе Францияда тілдік курстардан өткен азаматтарды біріктіреді.
Бізге қосылыңыз және достарыңызды шақырыңыз! Барлық жаңалықтар мен бос жұмыс орындарынан хабардар болыңыз! Клубтың толыққанды мүшесі болып, оның барлық артықшылықтарын пайдалану үшін анкетаны толтыруды ұмытпаңыз! https://forms.gle/V2kiZ1Tp661KTC4e8
Клубтың ресми таныстырылымының бейнежазбасына сілтеме, ол 2019 жылғы 25 маусымда Франция Елшілігінің Резиденциясында өтті: https://www.facebook.com/franceaukz/videos/1332895766869555/