Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 7 қаңтарға дейін жалғасады.
Эйфель (Eiffel) стипендиялық бағдарламасы – Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша үздік шетелдік студенттерді француз оқу орындарына тарту бағдарламасы.
Бұл бағдарламада жас шектеулері мен оқуға түсуге болатын белгілі бір мамандықтар тізімі бар.
Оқу ағылшын немесе француз тілдерінде жүргізіледі.
Магистратурада оқу мерзімі – 1 немесе 2 жыл, докторантурада – 1 жыл.
Құжат тапсыру тәртібі: үміткер француз жоғары оқу орнына өтініш білдіреді. Егер оның профилі таңдалған оқу бағдарламасына сәйкес келсе, университет анкета жібереді, оны толтырып, қажетті құжаттармен бірге қайта жіберу қажет.
Іріктеу екі кезеңнен өтеді: 1. Университет үміткерлерді таңдап, олардың құжаттарын Министрлікке жібереді. 2. Министрлік үміткерлер мен университеттер арасында іріктеу жүргізеді.
Құжаттарды тек бір ғана жоғары оқу орнына тапсыруға болады.
Құжаттарды қабылдау басталуы: қыркүйек-қазан. Сіз өзіңізді қызықтыратын оқу орындарымен алдын ала байланыса аласыз.
Әрбір оқу орны құжаттарды қабылдаудың өз мерзімдерін белгілейді. Нәтижелер наурыз айында жарияланады.
Назар аударыңыз, стипендия оқу ақысын қамтымайды (мемлекеттік жоғары оқу орындарында француз тіліндегі білім тегін). Егер бағдарлама ақылы болса, оның құнын өзіңіз өтеуіңіз қажет.
2020 жылғы бағдарламаның ережелері француз тілінде.
2021-2022 жылдарға арналған науқанның негізгі ережелері
- байқауға 4 білім беру саласы қатыса алады. Олар: құқық, экономика және басқару, магистратура деңгейіндегі инженерлік ғылымдар, сондай-ақ докторантура деңгейінде кеңірек бағыттар – инженерлік ғылымдар, нақты ғылымдар, математика, физика, химия, нано және биотехнологиялар, жер және ғарыш туралы ғылымдар, қоршаған орта туралы ғылымдар, технологиялар.
- магистратура деңгейіндегі стипендия – 1181 еуро, докторантура деңгейінде – 1400 еуродан бастап. Лауреаттарға қосымша қызметтер қарастырылған, соның ішінде: ұшақ билеті (Францияға дейін), пойыз билеті (оқу орнына дейін), жатақханаға дейінгі жол шығындарын жабу, жалпы әлеуметтік сақтандыруға тіркеу, қосымша медициналық сақтандыру шығындарын өтеу және т. б.
- Эйфель стипендиялық бағдарламасына магистратура деңгейінде өтініш беру үшін жас шектеуі – 25 жасқа дейін. Яғни, 1995 жылдың наурыз айына дейін туған үміткерлер қатыса алмайды.
- Эйфель стипендиялық бағдарламасына докторантура деңгейінде өтініш беру үшін жас шектеуі – 30 жасқа дейін. Яғни, 1990 жылдың наурыз айына дейін туған үміткерлер қатыса алмайды.
- Сіз Франциядағы мемлекет аккредиттеген бір ғана жоғары оқу орнын таңдап, өтініш бере аласыз. Франциядан тыс жерде білім беретін француз жоғары оқу орындары бұл стипендиялық бағдарламаға қатыса алмайды.
- Қолданыстағы стипендиясы бар студенттер Эйфель стипендиялық бағдарламасына қатыса алмайды.
- Өз құжаттарыңызды 2022 жылдың 7 қаңтарына дейін таңдаған жоғары оқу орнына тапсыру қажет (құжаттарды қабылдау мерзімі шектеулі болғандықтан, нақты даталарды оқу орнынан алдын ала анықтап алған жөн).
Толығырақ ақпарат буклетте.