« MAKE OUR PLANET GREAT AGAIN – MASTER » стипендиялық бағдарламасы

MOPGA

« MAKE OUR PLANET GREAT AGAIN – MASTER KAZAKHSTAN» (MOPGA)

Досьені тапсырудың соңғы мерзімі: 2024 жылғы 12 мамыр, жексенбі.

2015 жылы қол қойылған Париж климаттық келісімі «климаттың өзгеруінен туындайтын өзекті қатерлерге қатысты ең үздік ғылыми білімдерге негізделген тиімді және біртіндеп қабылданатын шаралардың қажеттілігін» мойындайды. Осы сын-қатерлерге жауап ретінде, 2017 жылы Франция Республикасының Президенті климат, энергия, сондай-ақ Жер және қоршаған орта ғылымдары салаларында өз жобаларын жүзеге асырғысы келетін шетелдік зерттеушілерді тарту мақсатында қаржыландыру бағдарламаларын ұсынатын «Make Our Planet Great Again» (MOPGA) бастамасын ұсынды. 

Осыған байланысты, Францияның Қазақстандағы Елшілігі Қазақстандағы Француз альянстары желісімен бірлесіп, тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруімен күрес салаларында франко-қазақстандық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқысы келетін студенттерге магистратурада оқу үшін 10 стипендия ұсынады.

 Бағдарламаға қатысу шарттары: 

  • Бұл бағдарламаға Master 1 немесе Master 2 дәрежесіне Францияда оқуға түсетін қазақстандық студенттер қатыса алады. 
  • Мамандық таңдау шектеусіз, басты талап – білім беру бағдарламасы Париж келісімімен байланысты болуы керек. 
  • Таңдалған білім беру бағдарламасы аймақтық университеттердің бірінде болуы тиіс (Париж аймағынан тыс).

Бағдарламаның қаржылық шарттары:

«MOPGA – Master Kazakhstan» бағдарламасының стипендиаты

10 ай бойы ай сайынғы 700 еуро көлемінде таза стипендия алады;

Франция үкіметінің әлеуметтік қамсыздандыру стипендиясы келесі артықшылықтарды береді:

  • Францияға тегін виза алу (стипендиат мәртебесі жоқ студенттер үшін виза құны – 99 еуро);
  • Көптеген мемлекеттік оқу орындарында ұлттық диплом алу үшін міндетті болып табылатын тіркеу жарнасынан босату. Естеріңізге сала кетейік, ЕО азаматтары болып табылмайтын студенттер үшін тіркеу жарнасы: бакалавриат деңгейінде – жылына 2770 еуро, магистратура деңгейінде – 3770 еуро, докторантура деңгейінде – 380 еуро. Сондай-ақ, оқу орны мен диплом түріне байланысты қосымша шығындарды ескеру қажет;
  • Тұрғын үй іздеуді Campus France агенттігі мен оның серіктестері жүзеге асырады, бұл қолжетімді жалдау ақысын алуға мүмкіндік береді: мемлекеттік университет жатақханаларындағы (CROUS) айлық жалдау ақысы 300-600 еуроны құрайды, ал жеке секторда бұл сома 800-1000 еуроға дейін жетеді;
  • Франция үкіметінің қаржылық көмегінің арқасында студенттік асханаларда жеңілдетілген бағамен (1 еуро) тамақтану мүмкіндігі;
  • Тегін қосымша медициналық сақтандыру (стипендиат емес тұлғалар үшін құны 300 еуро);
  • Campus France агенттігінің стипендиаттарға арнайы қолдау көрсетуі.

Ескерту:

  • Халықаралық көлік шығындарын студенттер өздері көтереді. 
  • Студенттер барлық сабақтарға қатысуға міндетті, әйтпесе олар стипендиядан айырылады.
  • Егер студент оқу жылы ішінде стипендиядан бас тартса, төтенше жағдайларды қоспағанда, аударылған қаражат толық көлемде қайтарылуы тиіс.

Кандидаттың досьесі: 

Кандидаттың досьесі келесі құжаттарды қамтуы керек:

  1. паспорттың көшірмесі – бірінші беті; 
  2. таңдалған бағдарламаға байланысты француз немесе ағылшын тіліндегі түйіндеме;
  3. таңдалған бағдарламаға байланысты француз немесе ағылшын тіліндегі мотивациялық хат; 
  4. француз университетіне алдын ала қабылданғаны туралы растайтын хат; 
  5. соңғы алынған дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
  6. бағалары көрсетілген қосымшалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Кандидат досьесін жіберу тәртібі:

  • Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2024 жылдың 12 мамыры, сағат 24:00-ге дейін
  • Кандидаттың досьесі PDF форматында (көлемі 10 МБ-тан аспауы керек) келесі электронды пошта мекенжайына жіберілуі тиіс: mopga.kazakhstan@gmail.com
  • БАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР БІР ДОСЬЕГЕ ЖИНАЛУЫ КЕРЕК және келесі үлгіде аталуы тиіс: 2024Master_TEG_ATY

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін досьелер қарастырылмайды. 

- Досье қабылданған жағдайда, үміткерге растау хаты жіберіледі.

Конкурстық комиссия:

Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді тәуелсіз конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Нәтижелер:

Нәтижелер 2024 жылдың маусым айының басында Францияның Қазақстандағы Елшілігінің сайтында жарияланады: https://kz.ambafrance.org/

Қосымша ақпарат:

Магистратура бағдарламаларының каталогы:

ағылшын тілінде: http://taughtie.campusfrance.org/tiesearch/#/catalog

француз тілінде: http://cataloguelm.campusfrance.org/master/#/catalog

«Make Our Planet Great Again – Master Kazakhstan» бағдарламасына қатысты қосымша сұрақтар бойынша үміткерлер espaces Campus France Kazakhstan бөлімдеріне хабарласа алады. .